Аудан бойынша 0-ден 18 жасқа дейінгі ерекше білім беру қажеттіліктері бар 1177 бала тіркелген. Оның ішінде 287 бала инклюзивті білім алуда, 167 оқушы үйде оқытылады, 77 бала оқуға жарамсыз деп танылған. Сонымен қатар, 2 оқушы колледжге оқуға түсті, 51 бала арнайы мектеп-интернаттарға (Өркен, Болашақ, Мейірім, Үміт) орналастырылған. Ал 623 бала қазіргі таңда түзету көмегін алуда.
2025–2026 оқу жылында инклюзивті білім беруге жағдай жасаған білім беру мекемелерінің үлесі өткен жылмен салыстырғанда артқан. Атап айтқанда, мектептерде бұл көрсеткіш 89,7%-дан 98%-ға дейін өсіп, яғни 42 мектептің 40-ында инклюзивті білім беруге қажетті жағдайлар жасалған.
