Өскембекова Құралай Амреқұлқызыбілім бөлімінің басшысы |
Өскембекова Құралай Амреқұлқызы 1984 жылы 2 қазанда Жамбыл облысы Сарысу ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді, 2007 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2007 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат департаментінде жетекші маманның міндетін атқарушы болып бастаған. 2008-2014 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат саласында түрлі лауазымдарда қызмет атқарып, ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі бағытында бас маман болды. 2014-2015 жылдары аталған басқармада бөлім басшысы қызметін атқарған. 2015-2020 жылдары Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің басшысы қызметінде еңбек еткен. 2020-2021 жылдары Тараз қаласы әкімінің көмекшісі, кейін кеңесшісі лауазымдарын атқарған. 2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды. |