2026 жылғы 1 маусымнан бастап ауданның білім беру ұйымдарында жазғы демалыс кезеңіндегі мектепішілік лагерьлердің жұмысы ұйымдастырылып, өз қызметін бастады. Мектепішілік лагерьлердің негізгі мақсаты – білім алушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, бос уақытын мазмұнды өткізу, шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Лагерь жұмысы бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп, оқушылар үшін танымдық, мәдени-көпшілік, спорттық-сауықтыру және тәрбиелік бағыттағы түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, балалардың бос уақытын тиімді өткізуге, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және әлеуметтік белсенділігін арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

