Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
"Байзақ ауданының білім бөлімі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Басты бет / Ақпарат /
05.06.2026
Байзақ ауданы білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылдың 5 маусым күні «Теремок» балабақшасында мектепке дейінгі ұйым педагогтері арасында «Жасыл балабақша- экологиялық сананы қалыптастырудың негізі» тақырыбында аудандық семинар өтті. Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық тәрбие беру арқылы балалардың табиғатты сүюге, жанашырлық көзқарасын, табиғатты аялауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Семинарға мектепке дейінгі ұйымнан 50 педагог қатысты. Сонымен қатар «Жасыл балабақша аллеясы» ашылып, бау-бақшаға ардагер педагогтар мен ата-аналар ағаш талын отырғызды. «Теремок» балабақшасының меңгерушісі Джарылкапова Лайля Мейрамбаевна балабақшадағы «Тұзды шахта» мен «Жылыжай» жұмыстарымен таныстырды. Балабақша әдіскері А.Нурадинова баяндама оқып, тәрбиешілер Н.Әкімбай, А.Хайруллина, Г.Самекова ұйымдастырылған іс-әрекет, А.Садыбаева «Шебер сынып» көрсетіп, өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Басқа жаңалықтар
01.06.2026
2026 жылғы 1 маусымнан бастап ауданның білім беру ұйымдарында жазғы демалыс кезеңіндегі мектепішілік лагерьлердің жұмысы ұйымдастырылып, өз қызметін бастады.
25.05.2026
Бүгін Байзақ ауданы білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарында «Білімім – Отаныма!» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. 2025-2026 оқу жылында аудан бойынша 1108 түлек мектеп қабырғасымен қоштасып отыр.
22.05.2026
Байзақ ауданының білім бөлімі ұйымдастыруымен өткен «TEDx School Leaders: Білімдегі өзгеріс пен нәтиже» тақырыбындағы мектеп басшыларының есеп беру алаңы өз мәресіне жетті.
22.05.2026
ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗЕҢІНДЕ БАЛАЛАРДЫҢ САУЫҚТЫРУ ДЕМАЛЫСЫН, БОС УАҚЫТЫН ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША 2024-2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР
21.05.2026
«Құндылыққа негізделген тәрбие – Адал азамат қалыптастырудың кепілі» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.
+7 (72663) 74-09-11
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр, 104
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы "Байзақ ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі