Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
"Байзақ ауданының білім бөлімі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Басты бет / Ақпарат /
22.05.2026
Байзақ ауданының білім бөлімі ұйымдастыруымен өткен «TEDx School Leaders: Білімдегі өзгеріс пен нәтиже» тақырыбындағы мектеп басшыларының есеп беру алаңы өз мәресіне жетті.
Аталған алаңда білім беру ұйымдарының басшылары өз тәжірибелерімен бөлісіп, мектепті басқарудағы заманауи тәсілдер, білім сапасын арттырудағы тиімді жобалар мен нақты нәтижелерді ортаға салды. Ашық форматтағы пікір алмасу алаңы басшылардың көшбасшылық қабілетін нығайтып, жаңа идеялар мен тың бастамалардың қалыптасуына мүмкіндік берді.
Мектеп басшыларының есеп беру алаңы 12–19 мамыр аралығында №7 орта мектебі базасында ұйымдастырылып өтті. Апта бойы өткен мазмұнды есеп беру барысында білім беру ұйымдарының жетістіктері, басқару тәжірибелері мен нәтижеге бағытталған жұмыстар сараланып, үздік тәжірибелер айқындалды.
Есеп беру қорытындысы бойынша мектеп басшылары 22 мамыр күні салтанатты түрде марапатталды.
🏆 І дәрежелі «Стратег-көшбасшы» дипломымен марапатталған мектеп басшылары:
Гүлбахрам Серікқызы Ермекова
Әсел Берікқызы Қуатова
Ұлжан Тельманқызы Жапарова
Ерлан Түгелбайұлы Абдикаримов
Сұлтан Мықтыбекұлы Усербаев
🏅 ІІ дәрежелі «Нәтиже менеджері» дипломымен марапатталған мектеп басшылары:
Мұрат Рысбекұлы Ускенбаев
Арыстанбек Қалыбекұлы Кайпулдаев
Жанатбек Әшімұлы Тургумбаев
Құралай Скакқызы Үкібаева
Гүлмира Әуесбайқызы Есентаева
Ержан Нұрланұлы Мырзамбет
🌟 ІІІ дәрежелі «Өсу траекториясындағы басшы» дипломымен марапатталған мектеп басшылары:
Дана Тоқпашқызы Абдраимова
Ақбота Аденқызы Көпбосынова
Роза Абдуалықызы Жұмасаева
Айдос Сарманбекұлы Амиров
Шолпан Қайратовна Байтақова
Қуат Амантайұлы Тоқбергенов
Бағдат Адилов
Бибігүл Абдрахманқызы Кутумбетова
Іс-шара мектеп басшыларының кәсіби шеберлігін арттырып, тәжірибе алмасуға, білім саласындағы тың идеялар мен нәтижелі жобаларды насихаттауға бағытталған маңызды алаңға айналды.
Басқа жаңалықтар
05.06.2026
«Жасыл балабақша- экологиялық сананы қалыптастырудың негізі» тақырыбында аудандық семинар өтті.
01.06.2026
2026 жылғы 1 маусымнан бастап ауданның білім беру ұйымдарында жазғы демалыс кезеңіндегі мектепішілік лагерьлердің жұмысы ұйымдастырылып, өз қызметін бастады.
25.05.2026
Бүгін Байзақ ауданы білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарында «Білімім – Отаныма!» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. 2025-2026 оқу жылында аудан бойынша 1108 түлек мектеп қабырғасымен қоштасып отыр.
22.05.2026
ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗЕҢІНДЕ БАЛАЛАРДЫҢ САУЫҚТЫРУ ДЕМАЛЫСЫН, БОС УАҚЫТЫН ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША 2024-2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР
21.05.2026
«Құндылыққа негізделген тәрбие – Адал азамат қалыптастырудың кепілі» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.
+7 (72663) 74-09-11
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр, 104
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы "Байзақ ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі